«Балдәурен» бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны туралы ақпараттық анықтама
|
1 |
Мектепке дейінгі ұйымның атауы |
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙ- БАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ |
|
2 |
Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы) |
Түркістан облысы,Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ ауылы, Қален Тоқмұханбетов көшесі, №47 ғимарат |
|
3 |
Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) |
Эл.почтасы: baldaurensyzgan2011@mail.ru Жұмыс телефоны: 8-725-46-39-3-22 Ұялы телефон: 8-702-743-21-77 Фейсбук:https://www.facebook.com/profile.php?id=100054807863764&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f Инстаграм:https://www.instagram.com/baldayren_balabakwa?utm_source=qr&igsh=cDNzNGk5MGNiNmZo |
|
4 |
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) |
«Балдәурен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына, Сызған ауылдық округі Б.Саховтың шешімі бойынша 2017 жылғы 15 мамырдағы № 14 бұйрықпен тағайындалған. «Балдәурен бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорна Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бөлім басшысы Н.Айдаровтың 2021 жылғы 1 қаңтардағы №26 бұйрығымен бірінші қол қою құқығымен меңгеруші лауазымына қайта бекітілген. |
|
5 |
Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) |
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік қайта тіркеуден 04.09.2023ж жылы берілген. БИН 110940005154 |
|
6 |
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта 2023 жылғы 16 қарашадағы № KZ18RVK00052252 хабарлама берілген. |
|
7 |
Құрылған жылы |
2011 жыл |
|
8 |
Типтік ғимарат |
Бір қабатты типтік үлгіде |
|
9 |
Топтар саны |
2-топ |
|
10 |
Балаларды оқыту тілі |
Қазақ тілі |
|
11 |
Жұмыс аптасының ұзақтығы |
5 күндік |
|
12 |
Ауысым саны |
Тәрбиешілер: ІI ауысым |
|
13 |
МДҰ – ның жобалық әлеуеті |
Балабақша орны 40 балаға арналған. 21.05.2011 жылы 30 балаға №17p9-5-1862 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 09.01.2018ж 10 балаға №Х.09.Х.KZ.27VBS00097230 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 1-қабатты типтік жобада салынған, заман талабына сай салынған. Балабақша 40 орындық, 2 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.30-бастап 17.30 сағатқа дейін. Екі топ жұмыс жасайды. «Қарлығаш» ортаңғы жас тобы, «Балапан» кіші жас тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары (алма, өрік) егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек қоршаулармен бөлініп, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Әдістемелік кабинет;
— Теледидар – 2 дана;
— Компьютер – 2 дана;
— Ноутбук – 2 дана;
— Принтер - 1 дана
— Түсті принтер - 2 дана.
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы», білім дағдылары бойынша заттық дамытушы орталықтар жасақталған.

